Úı ANONS Экс-полицейлер «жыныстық қатынасқа мәжбүрледі» деген күдікке ілінді

Экс-полицейлер «жыныстық қатынасқа мәжбүрледі» деген күдікке ілінді

Түркістанда полиция 18 жастағы қызды «жыныстық қатынасқа мәжбүрледі» деген күдікке ілінді. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Оқиғаның жән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп, тексеру амалдары басталған. Ал күдікке ілінген полицелер жұмыстан босатылған. 

«Бұрынғы полиция қызметкерлерінің ықтимал қатысы туралы ақпарат толық көлемде тексеріледі және сотқа дейінгі тергеу шеңберінде түбегейлі құқықтық баға алады. Сонымен қатар, қызметтік тексеру нәтижелері бойынша аталған қызметкерлер қызметтің беделін түсіргені үшін теріс себептермен ішкі істер органдарынан босатылды».
ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Айта кетейік, кеше әлеуметтік желіде 18 жастағы қызды «Түркістан облыстық полиция департаментінің 3 қызметкері зорлады» деген ақпарат шыққан еді.

Дилара Иса

 

ГЕО: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ