«Ажур» перделер салонына 10 жыл. Стильді, эксклюзивті пердесімен танымал студия ерекше мерекелік кеште Еуропа елдерінен әкелінген жаңа маталар топтамасын ұсынды.
Сонымен қатар, қонақтарға арнап, фуршет, кеңілді концерт өткізіп, 10 жылдық жетістігімен бөлісті.
Классикалық музыка, көңілді ертегі кейіпкерлері, керемет атмосферада «Ажур» арт-студиясы 10 жылдық мерейтойын тойлады. Мерекелік кешке архитекторлар, дизейнерлер, Алматы мен Шымкенттің ең үздік фейшн-стилистері жиналды. Шара қонағы Айжан Өміралиева «Ажур» талғампаздар үшін таптырмас дүкен екенін айтады.
Айжан Өміралиева, Шымкент қаласының тұрғыны: «Өнімдері өте ұнайды. Карима ханымды танимыз. Оның талғамы өте ерекше. Сондықтан оған сенеміз. Өте сапалы өнімдер алып келеді. Қаладағы ең үздік дүкен деп ойлаймын. Білуімше, маталарын Еуропадан алып келеді. Сондықтан өте сапалы перделерді ұсынады».
«Ажур» студиясында қайталанбас перделер мен сәндік элементтердің жиынтығын таба аласыз. Мұнда маталар Франция, Италия, Германия, Түркия сында Еуропа елдерінен арнайы тапсырыспен әкелінген. Ал ерекше кеш аясында дүкеннің жаңа топтамасы таныстырылды.
Карима Оразбаева, «Ажур» компаниясының негізін қалаушы: «Біздің арт-студиямызда ең сапалы, ерекше перделерді табуға болады. Біз 10 жылдық мерейтойымызға орай арнайы Англия, Франция, Италия, Испаниядан жаңа топтама алып келдік. Біз тек Шымкентте ғана жұмыс істемейміз. Тіпті шетелдерден де тапсырыс қабылдап, эксклюзивті перде тігіп, сонда жібереміз. Бізбен бірге 10 жыл бойы бірге болып, жұмыс істеген барлық қызметкерге және тұтынушымызға алғысымды айтамын. Біз сіздің үйіңізді жылылыққа толтыру үшін бәрін істейміз»
«Ажур» салонының ерекшелігі мұнда кеңесшілер сіздің үйіңіздің артықшылығына қарай, түрлі стильде перделер үлгісін ұсынады. Сапалы матадан тігілген эксклюзивті өнім бөлмеңіздің сәнін кіргізу үшін студия сәнгерлері барын салады.
Шара барысында келушілер арасында лотерея ойнатылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. Ал керемет перделерді Тауке хан даңғылы, 49-ыншы үйде орналасқан «Ажур» дүкенінен сатып алуға болады.