Президент ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды

40
фото dauletten.kz

Ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге дейін көтеру қажет. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Алдағы уақытта Үкімет ең төменгі жалақы мөлшерін біртіндеп өсіре береді. Азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын. Осылайша, біз еңбекақының ең төменгі мөлшерін үш жыл ішінде екі есе көбейттік», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.