Заңгер ата-ана қай кезде құқығынан айырылатынын түсіндірді

134

Қандай жағдайда ата-ана құқығынан айырылады? Редакция заңгері Венера Нұрғалиқызы ата-ана қандай кезде өз құқығынан айырылуы мүмкін екенін түсіндіріп берді.

  1. Егер ата-ана баланың алдындағы міндеттерді орындамай жалтарса немесе алимент төлемесе;
  2. Өз баласынан перзентханада бас тартса;
  3. Ата-ана ретіндегі құқықтарын балаға қатысты теріс пайдаланса;
  4. Балаға қатыгездік көрсетсе, психикасына зорлық жасаса немесе жыныстық тиіспеушілігіне қастандық жасаса;
  5. Есірткіге, спирттік ішімдіке, құмар ойындарға, бәс тігуге әуес болса, ата-ана құқығынан сөзсіз айырылады.

Ескере кететін жайт, ата-ана құқығынан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады және ол құқықтан айырылса да, алимент төлеуден босатылмайтынын білгеніңіз жөн.