Наурыз мерекесі қарсаңында Шымкентте тағы 50 отбасы қоныс тойын тойлады. Қала билігі пәтер кілттерін мемлекеттік бағдарлама аясында табыстады. Жыл басынан бері мегаполисте 300-ден астам тұрғын баспаналы болған.
Наурыз мерекесі қарсаңында Шымкентте 50 отбасының көптен күткен арманы орындалды. Дәл қазір ту сыртымызда әкім қатысуымен қала тұрғындарына ьаспана кілті табысталып жатыр»
Қоныс тойын тойлағандардың бірі – Лаура Оразбаева. Көпбалалы ана баспана кезегін 2018 жылдан бері күткен. Былтыр мемлекеттік бағдарлама конкурсына қатысып, бағы жанбапты. Алайда биыл Бозарық шағын ауданынан пәтер бұйырып, көптен күткен арманы орындалды. Бұл жолы жолым болды деп қуанышын жасыра алмады.
ЛАУРА ОРАЗБАЕВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Ол кезде 14 мыңыншы болып тұрдым. Көпбалалы болған соң кейін бізді түсірді. 2000-ыншыға бірден түсірді. Осы уақытты күтіп жүрдік. Кеп қалтын шығар. Кеп қалатын шығар деп. Бірақ үмітіміз үзілген жоқ. Сіз резервте екенсіз осындай конкурстан өттіңіз деп алғашында сенген жоқпын. Алғашында табыс растадық. Кеше хабарласты кілт алыңыз деп. Өте қуаныштымыз. Алла қаласа барлығына жұғысты болсын»
Қала билігі жаңа пәтерлерді «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары аясында табыстап жатыр. Мамандар баспана бөлу кезінде әлеуметтік осал топтарға басымдық береді. Жыл басынан бері аталған тетік бойынша 318 тұрғын жеке үйіне кірді. Жауаптылардың мәлімдеуінше, қазір тағы бір конкурс басталып, өтінім қабылдау жүріп жатыр.
ЖҰЛДЫЗАЙ ОРДАБЕКОВА, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ ШҚФ ӨКІЛІ: «500 пәтерге 16 наурыз бен 31 наурыз аралығында құжаттар қабылдау жүріп жатыр конкурсқа. Және алдағы уақытта 270 пәтерді үлестіру көзделуде. Несие бойынша кез келген азамат қатыса алады. Бұл жерде әлеуметтік осал топқа жататындар да, бюджеттік ұйым мүшелері де қатысуға мүмкіндік бар».
Бұған дейін жауаптылар Ақжайық шағынауданындағы 780 пәтерге байқау жариялаған болатын. Бұдан бөлек, жыл басынан бері 600 тұрғын жалдамалы баспананың игілігін көрді. Десе де, қалада баспана кезегі әлі де өзекті. Қазір кезекте тұрғандардың саны 93 мыңнан асып жығылады.
Әсел Мәлік






