Келестік оқушы тұрмыстық қалдықтардан архитектуралық нысандар жасайды

76

Келес ауданына қарасты №10 “Игілік” жалпы білім беретін мектебінің 8 «А» сынып оқушысы Қалдар Мейрамбек Дауренбекұлы– өз қолынан тұрмыстық қалдықтардан макет құрастырып, түрлі архитектуралық нысандарды жасайды.

Бала күннен желімдеу, жапсыру, құрастыру өнеріне қызыққан Мейрамбек бүгінде түрлі дизайндағы қала сәулетін, тарихи кесенелермен ауыл макеттерін өз қолымен құрастырып келеді.
— Макет құрастыру, жапсыру, желімдеу техникасымен 6 сыныптан айналысып бастадым. Әр бөлшекті шын көңілмен жапсырып, қиялымдағы ғимараттардың макетін дайындау мен үшін қиынға соқпады. Себебі әр ісіме қатты мән беріп әзірлегенді және жасаған дүниемнің сапалы шығуын қадағалаймын. Бұл сүйікті ісіммен айнылысқан маған ұнайды, жұмыс барысында маған ерекше шабыт пен жаңа идеялар ойыма келеді,-дейді жас сәулетші.
Оқушысының ерекше қабілетін байқаған жетекшісі Лесбаев Нұрлыбек Абырбекович шәкіртінің макет құрастыру, жапсыру өнеріне қабілетін 6 сыныптан байқаған. Сол кезден бастап қабілетін арттыру мақсатында әр түрлі тапсырмалар беріп, макет құрастыруға нұсқаулық беріп отырған.
— Дарынды оқушының болашақта еліміздің білікті маманы болатындығына сенімдіміз. Осындай экологиялық жобалар бала бойында табиғатқа деген жанашырлықты қалыптастырады, — деді талапты оқушының жетекшісі.