Несие алып, несібеге кенелген

21

Ошақты ауылдық округінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5% мөлшерлеме бойынша несие беру жұмыстары жүргізіліп келеді. «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына таптырмас мүмкіндік. Бұл мемлекет басшысының «2025 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру» бағдарламасы аясында қолға алынған. Тиімділігі, жылдық мөлшерлемесі 2,5%ды құрайтын жеңілдетілген несие.

Бұл бағытта Ошақты ауылдық округі бойынша мал бордақылауға «Төрттүлік-2023» ауыл шаруашылығы өндірістік кооператив құрылған. Аталған кооперативтың мүшесі С.Саттаров елді мекенінің тұрғыны Сапақов Жақып ағамыз 5 млн теңге несие алып, мал бордақылау кәсібін жүргізуде.
Шілде айында Шымкент қаласынан 11 бас бұқашықтар сатып алып келіп бордақылауға кірісіп кеткен еді. 3ай бордақылап, дайын болған ірі қара малдар етке өткізілген. Нәтижесінде, табысқа кенелген ағамыз тағы да 16 бас бұқашықтарды сатып алып, бордақылауға кірісіп кетті.
Округ әкімі Н.Нархозиев кәсіпкердің ағамыздың жасап жатқан жұмыстарын көру үшін арнайы келіп әңгімелесті.
Ағамыздың айтуынша, несиенің пайызы мен өтеу мерзімі өте қолайлы, сонымен қатар табысқа кенелуге зор мүмкіндік екеніне көз жеткізіпті. Ағамыз енді бордақы мал басын көбейтетін, оған қосымша жұмыссыз бір азаматты тұрақты жұмыспен қамтитынын жеткізді.