Қазақстан Ресейден 1,5 млн. тонна астық импорттайды

36
Облыс жұртшылығы жыл сайын 150 мың тонна бидай тұтынады

Қазақстан ішкі нарықта тапшылық туындаған жағдайда жетпеген астық көлемін Ресейден импорттайды, деп мәлімдеді Қазақстан Астық одағы сауда комитетінің басшысы Александр Малов.

«Егер бидай тапшылығы туындаған жағдайда солтүстіктегі көршіміздің биылғы мол өнімі жетпеген астықты сол жақтан импорттауға мүмкіндік береді. Ол жақтан бір немесе екі миллион тоннаға дейін астық жеткізуге мүмкіндік бар», – деді Малов «Елдала» басылымына.
Оның сөзінше, Ресей тарапына бұл тиімді, Қазақстан жақын орналасқандықтан тасымалдауда қиындықтар туындамайды.
«Қазіргі күні біз үшін егістіктегі қалған астықты жинап алу маңызды. Оның сапалысын таңдап алып, теңгерімді қалыптастыру қажет. Біздің бағамыз бойынша, азық-түліктік астықтың 3-4 класынан бізде 8 млн тоннаға жуық болады. Сонымен қатар өткен жылдан қалған 3 млн тонна азық-түліктік астық бар, Ресейден шамамен 1,5 млн тонна жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз», – деді ол.
Қазақстандағы ішкі нарықтық тұтыну шамамен 5,5 млн тонна.