Шымкент: Төтеншеліктер жыл басынан бері 155 баланы оқыс жағдайдан құтқарған

21

Шымкент қаласының төтеншеліктері осы жылдың 9 айында шұғыл байланыс нөміріне түскен қоңыраулар бойынша 2547 өртті сөндіріп, 348 авариялық-құтқаруға, 6 іздестіруге және 234 рет халыққа түрлі бағыттағы құтқару көмегін көрсеткен екен.

Осылайша 234 адам ТЖ қызметкерлерінің көмегімен құтқарылса, оның 155-і кәмелеттік жасқа толмаған балалар. Бүгінде қалалық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты 9 өрт сөндіру бекеті мен 5 аудандағы төтенше жағдайлар басқармасында 900-ге жуық маман қызмет етеді.

Осы жылдың басынан бүгінге дейін қалалық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау қызметкерлерінің біліктілігін шыңдау үшін 2385 оқу-жаттығуы өткізілген. Құтқарушылар қандай қиындық болмасын азаматтарды оқыс оқиғалар мен өрттен құтқару ісін қалтықсыз атқарып отыр.