Жеке табыс салығының прогрессивті шкаласы енгізілуі мүмкін

18
Фото: freepik.com

Жылына 50 млн. теңге табыс табатын қазақстандықтар үшін жеке табыс салығының прогрессивті шкаласы енгізілуі мүмкін.

 Әлібек Қуантыров, Ұлттық экономика министрі: «Біз жылына 40-50 миллион теңгеден астам табыс табатын жеке тұлғаларға прогрессивті жеке табыс салығын енгізуді қарастырып жатырмыз. Сондай-ақ пассивті кіріске, яғни депозиттерге, бағалы қағаздарға да прогрессивті шкаланы қолдануды көздеп отырмыз».
Жеке табыс салығының прогрессивті шкаласы дегеніміз – табыстың мөлшеріне қарай өзгеретін салық ставкасы. Яғни, прогрессивті шкаланың мағынасы – айлығы төмен азаматтар салықты аз төлесе, ал жалақысы көп азаматтар үшін салық мөлшері ұлғаяды.
Қазіргі таңда қазақстандықтар өз жалақысынан 10% жеке табыс салығын төлейді.