14 қарашада таңғы сағат 8:10-да туылған 5 бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды

54
фото Түркістан.кз

Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны атанған 5 бала Түркістан, Ұлытау, Жетісу, Атырау және Ақмола облыстарында туған. Мұны Ұлттық статистика бюросы хабарлады. Халықтың деректер базасының көрсеткіштеріне сәйкес, 2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8:10-да туған 5 бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды.

Қазақстанның мерейлі азаматтары Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Олардың ішінде 3 ұл және 2 қыз бар.

1991 жылы Қазақстан Республикасының халық саны 16,4 млн адам болған. Тәуелсіздік жылдарында ел халқы 22,3% өсті. Мәселен, 2022 жылы 1991 жылмен салыстырғанда туу саны 353,2 мыңнан 403,9 мың адамға дейін немесе 14,7% өсті.