Úı ANONS 20 млн. теңге: Жүргізуші куәлігін рәсімдемек болғандар қалтасынан қағылды

20 млн. теңге: Жүргізуші куәлігін рәсімдемек болғандар қалтасынан қағылды

«Жедел әрі қиындықсыз» жүргізуші куәлігін рәсімдеңізә. Шымкентте полиция интернет-алаяқтыққа қатысты бірқатар деректер бойынша күдіктіні ұстады. Ол әлеуметтік желі арқылы жалған қызмет ұсынып, азаматтарды алдаған.

 

Тергеу мәліметінше, күдікті TikTok платформасында арнайы парақша ашып, жүргізуші куәлігін оңай жолмен алып беруге көмектесетінін жарнамалаған. Клиенттерді сенімді түрде тарту үшін бейнероликтер мен түрлі жарнамалық жазбаларды пайдаланған. Осындай уәдеге сенген азаматтар көрсетілген шоттарға ақша аударып отырған.

Қазіргі таңда күдіктінің өзге де қылмыстық эпизодтарға қатысы бар жоғы тексерілуде.
Полицейлер заңда белгіленген тәртіптен тыс құжаттарды рәсімдеп беруді ұсыну – алаяқтықтың айқын белгісі екенін ескертеді. Азаматтарды қырағылық танытып, күмәнді онлайн-жарнамаларға сенбеуге және бейтаныс адамдарға ақша аудармауға шақырады.

Нұогүл Жолымбетова