Шымкентте Дағдарыс орталығынан 300-ге жуық адам пана тапты

36

 

Шымкент қаласында тұрмыстық зорлық — зомбылық көрген және адам саудасының құрбаны болған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсететін дағдарыс орталығы қызмет көрсетеді.

Жыл басынан бері орталықтың қызметіне жалпы 600-ге жуық азамат жүгініп, олардың тең жартысы жатын орынмен қамтылған. Пана тапқандардың 78-і ана мен 200-ден астамы бала.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова бүгін аталмыш орталықты аралап, қызмет алушылардың жай-күйімен танысты.

-Отбасының бақыты татулығы мен ауызбіршілігінде. Өкінішке орай, қыз-келіншектеріміз тұрмыстық зорлық — зомбылық көріп, бала-шағасымен далада қалатын жағдайлардың жиі орын алатыны жасырын емес. Дағдарыс орталығының негізгі міндеті тағдыр тәлкегімен қиындыққа душар болған жандарға әлеуметтік қолдау көрсету. Сондықтан, мемлекетіміз, еліміз, арқа сүйер қоғам барын ұмытпағайсыздар,- деді басқарма басшысы Балмаржан Полатқызы.

Басқармаға бағынысты «№ 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» қызмет алушыларға психологиялық және әлеуметтік еңбек, құқықтық көмектер сынды 8 түрлі әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Мамандардың сүйемелдеуімен қысқа мерзімдік оқу курсын оқып, әрі қарай жұмыс істеулеріне де мүмкіндіктер қарастырылған.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасы құрбаны» болғанда немесе оған куә болған жағдайда дағдарыс орталығының қызметіне жүгінуге болады.

Арнайы сенім телефоны:
8(7252)- 45-03-03

111 шұғыл желісі мен 8-775-450-54-33 нөмірі бойынша вацапқа хабарласуға болады.