Экстремизмге қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында 30 жастағы қала тұрғынын анықтады. Келіншек діни ілімі мен заңды лицензиясының жоқтығына қарамастан, мегаполистегі оқу орталықтарының бірінде дәріс берумен айналысқан.
Тәртіп сақшылары аталған жайтқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырып, азаматшамен профилактикалық әңгіме жүргізді.
Сот шешімімен заң бұзушыға 40 АЕК көлемінде яғни, 138 000 теңге айыппұл салынды.