Жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер жасаған күдікті таулы аумақтан ұсталды

54
фото ҰҚК

2023 жылғы 9 қарашада Жетісу облысының таулы жерінде шекарашылар кәмелетке толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер жасады деп күдіктелген өңір тұрғынын ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін 7 қарашада аталған азамат іздеуге жарияланған болатын. Ұсталған адам құзыреті бойынша процессуалдық шешімін қабылдау үшін полиция органдарына берілді.