Жұмысқа орналаспақ болған төлебилік тұрғын 1 млн теңгесінен айырылды

106

Төлеби ауданында тұрақты жұмысқа тұрмақ болған жергілікті тұрғын 1 млн теңгесінен айырылды. Айтуынша, танысы оны сан соқтырып кеткен.

Полицияға арызданған ер адамның сөзіне сенсек, танысы Атырау қаласына жұмысқа орналастырып беруге уәде беріп, сеніміне кірген. Бұл қызметі үшін 1 млн теңгесін  алған.

Жәбірленушінің арызын полицейлер Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді. Куәлардан жауап алу барысында жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басы анықталған. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Күдікті ер адам алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Бұдан бөлек оның осыған ұқса тағы 3 жайтқа қатысы бар екені анықталыпты.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.