”Али донер” фастфуд орталығының жаңа нүктесі ашылды

18

Шымкенттіктер арасында тез дайындалатын балғын бургер және дәмі тіл үйірер дөнерімен әйгілі «Али донер» фастфуд орталығы жаңа нүктесін ашты. Салтанатты рәсімде үшінші мегаполисте алғаш рет ең ұзын лаваш жасалды. Ал тұтытушылар арасында естен кетпес айрықша ұтыс ойыны ұйымдастырылды.

Шымкентте «Али донер» фастфуд орталығының жаңа нүктесі ашылды. Салтанатты мерекеге орай мекеме аспаздары алғаш рет 15 метрлік лаваш әзірледі. Дәмі тіл үйірер тез дайындалатын тағам қала тұрғындарына тегін таратылды.

«Али донердің дәмін татып көрдік. Тіл үйіреді. Негізі дәмі бұған дейін жеп жүргенде де жақсы болатын. Ал бүгінгі Али донердің ең ұзын лавашының дәмі ерекше болып шықты. Маған қатты ұнады», – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Мақсат Сейдуллаев.

Үшінші мегаполисте брендке айналған фастфуд орталығы ашылу рәсімінде тұтынушылар арасында ұтыс ойын ойнатты. Басты жүлде – Дубайға жолдама. Сонымен қатар ұйымдастырушылар жеңімпаздарға тұрмыстық техника мен смартфон сыйлады.

Балғын бургер, дәмді лаваш, ерекше донер кебабпен әйгілі шымкенттік фастфуд дәмханасы қала халқына халал өнім ұсынады. Мекеме иелері әрбір тұрғынға адал астан дәм татуы үшін барлық жағдайды жасайтынын жеткізді.

«Біздің фастфуд орталық 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бізден жастар, студенттер, үлкен кісілер де келіп тамақтанады. Сондықтан адал тамақ беруге тырысамыз. Халал сертификатын алғанбыз. Әрі қолжетімді бағада. Біздің «Али донерде» барлық тез дайындалатын өнім түрі бар»,- дейді іс басқарушы Шолпан Рахманқұлова.

Ал-Фараби алаңы 2 мекен-жайында орналасқан қоғамдық тамақтану орны келушілерге ерекше атмосфера сыйлайды. Сонымен қатар мұнда балаларға арналған ойын алаңы да қарастырылған. 24 сағат бойы қызмет көрсететін мекеменің есігі әрбір тұтынушыға айқара ашық.