Білім беру және мектепке дейінгі балалар мекемелеріне қойылатын санитариялық қағидалар

27
фото ortalyq.kz

 

 

     Білім беру мекемелеріндегі санитариялық қағидалар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы  № ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Бұл қағидалардың орындалмауы мектеп жасындағы балалардың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Тарата айтатын болсақ, сыныптардағы оқушы саны 25-тен артық болмауы керек.

Сабақ кестесін түзу барысында сабақтың ұзақтығы 45 минуттан аспайды, дегенмен бірінші сыныптарда оқу жүктемесін бірте-бірте арттыра отырып, оқу сабақтарының «сатылы» режимі қолданылады. Мысалы қыркүйекте үш сабақ 35 минуттан, қазаннан бастап 45 минуттан жоспарланады. Сонымен қатар сабақтарда дене шынықтыру минуттарын және көзге арналған жаттығулар өткізіліп отыруы тиіс. Сабақ кестесін жасаған кезде бір күн және бір аптаның ішіндегі оқушының ақыл-ой еңбегіне қабілеттілік серпіні ескеріледі. Бұл тұрғыда сәйкес қиындығы бойынша пәндерді саралау кестесі пайдаланылады. Мектептің сабақ кестесі міндетті және факультативтік сабақтар үшін жеке жасалады. Факультативтік сабақтар міндетті сабақтардың саны барынша аз күндері жоспарланады. Сабақ кестесі оқу портфельінің немесе аспалы сөмкенің (рюкзактың) салмағынсыз күн сайынғы оқу жиынының (оқулықтар, ОӘК және жазу құралдары) гигиеналық нормативтерін ескере отырып құрылады. Жалпы білім беру ұйымдарының барлық түрінде оқушылар үшін сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде 5 минут, үлкен үзіліс (2-ші немесе 3-ші сабақтан кейін) 30 минутты құрайды. Бір үлкен үзілістің орнына екінші және төртінші сабақтан кейін әрқайсысы 15 минуттан екі үзіліс жасауға жол беріледі. Үзілістерді таза ауаны барынша көп пайдаланып, қозғалыс ойындарымен өткізеді. Ауысымдар арасында ылғалды жинау және желдету үшін ұзақтығы кемінде 40 минут үзіліс көзделеді.

Мектеп дейінгі балалар мекемесінде санитариялық қағидалар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы № ҚР ДСМ-59 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Балалар бақшасында серуендер ауа-райы жағдайы ескеріле отырып, күн сайын жүргізіледі.  асырылады. Ойын алаңдарының жабыны денсаулық үшін қауіпсіз (жарақаттануды болдырмайтын) материалдардан қарастырылады. көзделеді. Объектілердің жиһазы мен жабдығы балалардың бой-жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Объектілерде ойын, оқу кабинеттері үстелдермен, арқалығы бар орындықтармен жабдықталады

Ойын және спорт алаңдарындағы жабдықтар үшкір шығыңқы жерлері мен ақауы болмауы керек. Балалардың киіміне арналған шкафтарды жеке таңбалайды және бас киімге арналған сөрелермен және сыртқы киімге арналған ілмектермен жабдықтайды.Пайдаланылған ойыншықтарды күн сайын жуу құралдарын қолдана отырып күннің соңында жуады. Ойыншықтарды жууға арналған сыйымдылықты, шүберек пен жөкені таңбалайды. Жұмсақ ойыншықтарды пайдаланғаннан кейін күннің соңында ойыншықтан кемінде 25 см қашықтықта 30 минут бойы бактерицидті сәулелегіштермен дезинфекцияланады.

      Гауһар Рахметова,

Шымкент қаласы Тұран ауданының

санитариялық-эпидемиологиялық

    бақылау басқармасының бас маманы