Биыл үшінші мегаполисте 210 шақырым жол пайдалануға берілді

29

10 айдың ішінде Шымкентте 210 шақырым жол пайдалануға берілді. Алдағы уақытта жолдарға заманауи технологиялармен ресайклинг қоспасын төсеу арқылы шалғай елді мекендерде топырақ жол мәселесі шешіледі. Сондай-ақ, көлік қозғалысын автоматты түрде реттейтін интеллектуалды көлік жүйесі енгізіліп, көлік кептелістері азаяды.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мәлімдеді.

Қалада 1 058 шақырым асфальтталмаған жол бар. Жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 71,2 пайызды құрап отыр.

Сонымен қатар, мегаполисте жолаушылар тасымалын оңтайландыру мақсатында жеке инвестор есебінен әуежайға жаңа терминал құрылысы жүргізілуде. Бүгінде жұмыстың бірінші кезеңі 100 пайыз аяқталып, ІІ кезең 85 пайызға орындалған. Құрылыс аяқталған сәтте, жолаушыларды өткізу қабілеті сағатына 2000 адамға артады.