Күні кеше шамамен сағат 18:40-та, Шымкенттегі Қ.Төлеметов көшесінде, №69/39 ғимараттың маңында пышақ жарақаттарымен 20 мен 23 жас аралығындағы қыздың мәйіті табылды. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған.
ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі («Кісі өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. 1997 жылы туған Аймахан Шерхан Әлмаханұлы қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Ол оқиға орнынан 015 AUY 17 мемлекеттік нөмірлі Hyundai Mufasa көлігімен қашып кеткен.
Полиция күдіктінің қайда екені немесе көлігі туралы ақпараты бар кез — келген адамнан 102 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.







