Шымкентте 17 жастағы қызды алып қашып кеткен жігіт қамауға алынды. Сондай ақ, жасөспірімді еркінен тыс тұрмысқа бермек болғандар да полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазір құзырлы органдар істің ақ-қарасын анықтап жатыр.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
«Қала тұрғынының арызы бойынша полиция «Міндеттеп некеге тұрғызу» бабы (ҚР ҚК-нің 125-1-бабы) бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу аяқталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданады»
Айта кетсек, әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған қыз өзін бейтаныс адамдар Сарыағашқа алып қашып кеткенін айтқан еді. Оның айтуынша, күдікті жігіттің туыстары «өз еркіммен келдім» деген қолхат жазуға мәжбүрлеген.
Алайда қыздың қолхат жазбайтынын түсінгенде, оны жыныстық қатынасқа итермелепті. Сонымен қатар ұялы телефонын тартып алып, бермей қойған көрінеді. Кейіннен жасөспірім қашып шығып, полицияға арызданған.
ЖӘБІРЛЕНУШІ: «Менің қолхат жазбайтынымды түсінгеннен кейін мені жыеыстық қатынасқа мәжбүрледі. Олар қазақшылыққа салынып, бұл үйден қыз болып шықпауың керек және кейін оқуға бармайтынымды айтты. Жқ болмаған жағдайда осында қамап ұстайтындарын айтты. Жқ мәжбүрлеп түсірген соң, простыняны алып, өздері тойлап кетті»
Лаура Бабас







