Ерекше балаларға арналған жаңа жылдық шырша кеші өтті

«Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығында Шымкент қаласының ерекше балаларына арналған жаңа жылдық мереке ұйымдастырылды. Аяз Ата мен ақшақар олардың арманын орындап, түрлі сыйлық табыстады. Оңалту орталығындағы балаларға қызметтің бәрі тегін көрсетіледі. Ал мамандар арнайы әдістеме бойынша оқытады.

«Жаңа жылдың қарсаңында қуаныш, сиқыр күтеді ғой. Жаңа армандар қояды алдына. Сондықтан жаңа жыл алдында ерекше балаларды құттықтап кетуді жөн санадық.  Ерекше балалар деп бекер айтпаймыз, олар денсаулығында кішкене қиындық болғанымен, әр бала ерекеше, өзінің таланты бар. Ол әлде де елдің дамуына өз үлесін қосады», – деді Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов.

Жаңа жыл қарсаңында Шымкентте түрлі жәрмеңке, ертеңгіліктер мен мерекелік іс-шара өткізу жалғасады. Ал 23 желтоқсан күні Астана алаңында қаланың бас шыршасын жағу рәсімі өтеді.