Шымкентте  «Қорғау» қосымшасы  176 млн. теңгеге жуық қарызы бар жүргізушіні анықтады

57
фото polisia.kz

«Қорғау» бағдарламасы арқылы қалалық ПД Жедел басқару орталығының қызметкерлері төленбеген қарыздары бар көлік жүргізушісі туралы сигнал алды. Lexus маркалы көлік иесінің атқарушылық іс жүргізу бойынша 176 миллион теңгеге жуық берешегі бар екені анықталды.

Жібек жолында тұрған көлікті ұстау үшін патрульдік полиция қызметкерлері жіберілді. Төлеуден жалтарған ер адамға оған борыштарын өтеу туралы ескертілді. Ал, темір тұлпар айыптұраққа қамалды.
Айта кетейік, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында «Қорғау» қосымшасы жалған нөмірлер, өтелмеген қарызы бар азаматтар мен басқа да заң бұзушылықтарға жиі жол беретін қауіпті жүргізушілерді анықтайды.