Шымкентте түнгі мекеме демалушысы есірткі қолдану үстінде ұсталды

31

Көңіл көтеру орталығының жанында тұрған көлікте “ұнтақ” иіскеп отырған жас жігітті ЖБО-ның бейнебақылау инспекторлары анықтады.

Жайтты тексеру үшін сол аумақты патрульдеп жүрген қызметкерлер жолданды.
Жақын маңдағы камералардан бейхабар заң бұзушы өзінде тыйым салынған заттың болғанын жоққа шығарды. Ол синтетикалық есірткі салынған ораманы көлік есігінің қалтасына жасырып үлгергені анықталды. Ол жерден полицейлер жарты грамм мефедрон тәркіледі.
Қазіргі таңда түнгі демалысы психостимулятормен қызығырақ болады деп ұйғарған жігітке қатысты ҚК-тің 296-бабы бойынша тергеу жүргізілуде.
Құқық қорғау қызметкерлері есірткімен байланысты кез-келген заңсыз әрекет заңмен қудаланатынын және қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.