«Түркістан Білім-инновация» лицейінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді

51

Түркістанда «Түркістан Білім-инновация» лицей-интернатының жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Білім ұясының жаңа ғимаратының ашылу салтанатына ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, лицей-интернатының ұстаздары мен оқушылары, білім ардагерлері, ата-аналар қатысты. Оқу-ағарту министрі көпшілікті қуанышты сәтпен құттықтады.

Түркістан өңіріндегі жаңа мектептің ашылуына ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев арнайы қатысты. Министр бұл ғимарат құрылысының бастамасы өңір басшысының ұсынысымен пайда болғанын жеткізді. Бүгінде еліміздегі білім-инновация лицейлері сапалы білімі мен мықты көрсеткіштері арқылы көпке танылып үлгерген. «Мемлекет мықты болуы үшін білім түзелуі керек» деген Оқу-ағарту министрі, осы саланы дамытуға барынша мүмкіндікті қарастыратынын жеткізді.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі: «Жылдың басында Дархан Сатыбалды келген осындай мектептер жасауымыз керек деп. Қабағы түсіп кетіпті. Сөйтіп отырып әңгімелесіп, бір Түркістан облысы ғана емес, әңгімеден әңгіме шығып еліміздегі 5 білім инновацияға оқу-ағарту министрлігі тарапынан қаржы бөлуді шештік сол жерде. Сондықтан осындай нәтиже көрсетіп жатқан осындай Д. Амангелдіұлы айтып кетті 1 орын алып жатыр деп. Біздің елге мықты шәкірт тәрбиелеп жатқан, білім инновациялардың қайтадан трансформациядан өтіп, оған мемлекет тарапынан үлкен пәрмен беріп, қолдау тапқанын көрсету ол біздің маңызды міндеттіміз».

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша, бұл лицейде әрбір аудан, қаланың білімді оқушыларын шоғырландыру жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта облыста мемлекеттік бюджет есебінен 33 мектептің құрылысы қолға алынған. Бүгінде осы 33 мектептің 10-ы пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін 10 мектеп, 2024 жылы қалған 13 мектеп пайдалануға беріледі деді Дархан Сатыбалды.

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі: «Лицей инновацияның басшылығымен бізде келісім бар. Келешекте әрбір ауданға өз квотасын беріп, әрі қарай осы жерде бүкіл облыстан жинайтын сондай орталық лицей болып есептелінеді. Ары қарай жұмыс жасаймыз. Тек Түркістан қаласында емес, тағы аудан басқа жерлерде осыны жалғастыуры керекпіз».

Шара соңында министр мен облыс әкімі бастаған топ лицей-интернаттың оқу кабинеттерін, асханасын, спорт залын аралады. Сонымен қатар зияткер оқушылардың ғылыми жобаларымен танысты. Жаңа ғимарат 700 орындық мектеп заманауи оқу құралдарымен, пән кабинеттерімен, жатақханамен қамтылған. Онда енді 43 педагог 416 оқушыға білім береді.