Түркістан облысы ПД бастығының нұсқауына сәйкес жол-қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін облыс орталығында патрульдік полиция күшейтілген тәртіпте жұмыс атқарды.
Нәтижесінде 730 құқық бұзушылық анықталып, айыптұраққа 24 көлік қойылды.
Тарқатып айтар болсақ, көлікті мас хәлде басқарудың- 2 және қарсы бағытқа шығудың -1 дерегі анықталды.
Сондай-ақ көлік терезелерін күңгірттеу -11, тех.байқаудан өтпеген -12, жаяу жүргіншіге жол бермеген -8, жаяу жүргіншілермен жол ережесін бұзған -25, автокөлік басқару кезінде қауіпсіздік белдігін тақпаған -55, автокөлік басқару кезінде телефон қолданған-35, авариялық жағдай туғызған-2, бағдаршамның тиым салынатын сигналына өткен-6 жүргізуші мен сақтандыру мерзімі жоқ-12 көлік анықталды.