Шымкентте спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілуде

37

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті қалалық дене шынықтыру және спорт  басқармасы мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстарын жүргізуде.

Талдау шеңберінде спорттық іс-шараларды, жиындарды, жабдықтарды, спорттық тамақтануды сатып алуды, шетелдік іссапарларды ұйымдастыруды, сыйақыларды, спорт объектілерін салуды, сондай-ақ спорт федерациялары мен кәсіби клубтарды ұстауды қамтамасыз ететін бюджеттік және бюджеттен тыс көздер зерделенетін болады.

Егер Сізде шағымдарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауды сұраймыз.

WhatsApp нөмірі: 8 771 518 6834

Эл.пошта: taldau2024@mail.ru

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды. Сыбайлас жемқорлықты жоюда азаматтық белсенділік танытыңыз!