Түркістанда Қазақстан Республикасының VIII Халық ойындары басталды. Елдің барлық өңірінен жиналған 2300-ден астам спортшы он спорт түрінен бақ сынамақ. Ұлттық дәстүр мен заманауи технология тоғысқан салтанатты ашылу рәсімі қалай өтті?
Түркістанда Қазақстан республикасының VIII халық ойындары басталды. Ұлттық нақыш пен заманауи технология үйлескен мерекелік кеш «Керуен сарай» туристік кешенінбе ұйымдастырылды. Ойынға Туризм және спорт министрлігінің өкілдері мен облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, спортшылар мен бапкерлерді дүбірлі доданың ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.
Салтанатты іс-шара театрландырылған қойылымдармен, этно-фольклорлық композициялармен және танымал өнерпаздардың концерттік бағдарламамен ашылды. Командалар жаппай су үстінде шеру өткізді.
Ойынға 2300-ден аса спортшы бақ сынап жатыр. Айта кетейік, Халық ойындарына қатысушылар баскетбол, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, үстел теннисі, футзал, асық ату, қол күресі және гір спортынан бақ сынайды. Жарыс 20 маусымға дейін жалғасады.
Дилара Иса






