Шымкентте «Свой дом» қаржы пирамидасының басшыларына үкім шықты

417

Шымкентте «Свой дом» қаржы пирамидасын құрған басшыларға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

«Свой дом» қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті жүргізген.

Тергеу барысында салымшылардың баюы басқалардың жарналары есебінен жүзеге асырылатын қаражат жинау схемасы анықталған. Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары инвесторларға енгізілген сомадан 40% пайда алуға уәде берген.

Қылмыстық іс бойынша екі адам күдікке ілінді. Ал салымшыларға келтірілген шығын көлемі 49 млн теңгені құрады.

Сот үкімімен айыпталушылар кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.