Төлеби ауданында алаяқтық бабы бойынша қылмыс көбейген

24
фото opennews.kz

Төлеби ауданында былтыр алаяқтық бабы бойынша 67 қылмыстық іс тіркелген.

Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 4 пайызға артық. Оның қазірге дейін 32-сінің ісі аяқталыпты. Олардан келтірілген шығын көлемі 30 млн. теңгені құрайды. Аудандық прокуратураның мәліметіне сәйкес бұлардың басым көпшілігі кредит алып, ақшасын біреуге сеніп тапсыра салғандар дейді.

«Тіркелген 67 қылмыстың басым бөлігі ашылып, ақшасы өндірілді. Ақшасын танымайтын адамға сеніп тапсыра салғандардың біршамасы несие алып, сол ақшасынан бөгде адамға берген. Олардың көбісі жер мәселесімен хабарласқан. Сонымен қатар тұрғындарды мемлекеттік жеңілдетілген шағын несие алып берем деп алдап ақшасын алып кеткендер бар. Одан кейін қазір интернет алаяқтық көбейіп кетті» – дейді  Төлеби ауданының прокуроры Оразәлі Әбдіраманов.