«60 адам болған»: Шымкентте түнгі клубқа келген клиенттер жаппай төбелесіп қалды

281

Жаппай төбелес оқиғасы 3 ақпан күні шамамен түнгі сағат 02.00-де «Пандора» түнгі клубында болған.

Полиция хабарлауынша, клуб клиенттерінің ерегісі төбелеске ұласып, бір адам пышақ жарақатын алған.

60 шақты адам полицияға жеткізілген. Барлығынан жауап алынған. Қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ал түнгі клуб ғимаратының иесі мен жалға алушы мұндай жайттардың алдын алу қауіпсіздік шараларын күшейтпек.

(Фото: sputnik.kg)