Сарыағашта 51 жастағы әйел ұсталды. Ол мешітте төсеулі тұрған кілемдерді ұрлады деген күдікке ілінді.
Полицияға мешіт қызметкерлері хабарлаған.
Аудан тұрғыны түнгі сағат 01:00 шамасында мешіттердің біріне келген. Содан іште төсеулі тұрған екі бірдей кілемді үптеп кеткен. Полицейлер күдікті әйелден қолды болған айғақты заттарды тәркіледі.
Қазіргі таңда тұрғынның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.
(Фото: Түркістан облыстық ПД)