Шымкентте қарлы жолда дрифт жасағандар жауапқа тартылды

39

Mercedes-Benz және Priora-ның орындауындағы сырғанау көшедегі бейнебақылау камераларына түскен. Бұл әрекеттің орын алуы мүмкін жағымсыз салдарын болдырмау үшін ЖБО кезекшілері оқиға орнына тез арада патрульдік полицейлерді бағыттады.

Қос көлік тізгінінде Түркістан облысының 35 және 26 жастағы тұрғындары болып шықты. Қарлы жолдағы қауіпті айдау үшін ер адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Құқыққорғаушылар ескертеді: қысқы ауа-райы жүргізушілерден аса мұқият болуды талап етеді, ал көлік құралын агрессивті жүргізу апат қаупін арттырады. Тек жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау жолда болуы мүмкін қауіптен қорғайды.