Синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана әшкере болды

38
фото ҰҚК

Алматы облысы бойынша ҰҚК департаменті синтетикалық есірткі өндіру бойынша жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті. Осылайша, а.ж. 6 ақпанда Алматы қаласына жақын орналасқан жеке үйде психотроптық заттарды дайындау кезінде қылмыс үстінде есірткі зертханасын ұйымдастырушы 1995 жылы туған Қазақстан азаматын ұстады.

Тінту барысында 40 мың бір реттік дозаға эквивалентті 8 кг артық «мефедрон» психотроптық заты, сондай-ақ оларды дайындайтын құрылғы мен компоненттері алынды.
Анықталған есірткінің «қара» нарықтағы алдын ала құны 150 млн теңгеден артық сомаға бағаланады. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
ҚР Қылмыстық-процестік Кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.