«Сіздің күлкіңіз әдемі»: Түркістандық полицейлер ерекше акция өткізді

40
фото ТО ПД

Түркістандық полицейлер ерекше акция өткізді. Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жолда мұқият болуға шақырып қана қоймай, оларға жылы сөздер жазылған арнайы карточкалар ұсынды. Онда «Сіз өте әдемісіз», “Сіздің күлкіңіз әдемі”, «Сіз жол ережесін қатаң сақтайтын жүргізушісіз» деген сынды тәртіп сақшыларының ыстық лебіздері бар. Полиция қызметкерлерінің мұндай түсіндіру жұмыстары жергілікті тұрғындарды таң қалдырды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі: «Бірлескен күш-жігермен ғана біз жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін жолдарымызды қауіпсіз ете аламыз. Кішкентай қателіктің өзі қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Әрбір жүргізуші мен жаяу жүргінші жолдың әрдайым қауіп-қатермен байланысты екенін түсініп, мұқият әрі жауапты болуы қажет»