ҰҚК аса ірі мөлшерде есірткі жеткізу арнасының жолын кесті

31
фото ҰҚК

ҰҚК Ұлытау облысы бойынша департаменті өңірге аса ірі мөлшерде есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. 2024 жылғы қаңтарда ҰҚКД жедел қызметкерлері есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізді деген күдікпен Жезқазған және Сәтпаев қалаларының 4 тұрғынын ұстады.

Тінтулер кезінде олардан 20 кг марихуана, 2 кг гашиш, 250 грамм «альфа-PVP» психотроптық заты және 30 «марка» деп аталатын ЛСД есірткісі алынды.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Сот санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.