Екі жыл ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ел аумағында 369 мектеп салынады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді. Министрлік ұлттық жобаны жүзеге асыру арқылы мектеп тапшылығын, апатты және үш ауысымды мектеп мәселесін шешуді жоспарлап отыр.
мектептерді жобалаудың нақты үлгілік тапсырмалары әзірленіп, бекітілді;
эргономиканың талаптарына, сондай-ақ білім беру процесін ұйымдастыру кезінде оқушылар мен мұғалімдердің қажеттіліктеріне жауап беретін технологиялық жабдықтар мен жиһаздардың толық тізбесі бекітілді;
бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін оқу кабинеттері, санитарлық тораптар, спорт залдары бар жеке блоктар қарастырылды;
қазіргі заманғы техникалық құралдарды енгізу есебінен қауіпсіздік шаралары арттырылды. Жедел басқару орталығына шығатын цифрлық бейнебақылау, дабыл түймесі және дыбыстық хабарлау, есіктер мен блоктарды автоматты түрде бұғаттау, лицензияланған күзетпен қамтамасыз ету, күзет қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптары күшейтілді;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта құру қарастырылды;
мектептерді заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау талабы енгізілді;
оқушыларға ыңғайлы болу үшін оқу құралдары мен киімдерді сақтауға арналған жеке шкафтар, қосымша гардероб қарастырылды.