Дәл қазіргі уақытта Қытайда Боао Азия форумы өтіп жатыр. Форумға Азия мемлекеттерінің басшылары, саясаткерлер, спортшылар, кәсіпкерлер, журналистер қатысуда.
Айта кету керек, Боао Азия форумы, BAF, сондай-ақ «Шығыс Давосы» ретінде белгілі үкіметтік емес және коммерциялық емес халықаралық ұйым екені белгілі. Азияда және одан тыс жерлерде экономикалық алмасуды, өзара әрекеттестік пен ынтымақтастықты қолдауға және дамытуға бағытталған. Онда үкімет, бизнес, өндірістік және ғылыми қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен жыл сайынғы жоғары деңгейдегі кездесулер өткізу және ағымдағы экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және басқа да проблемаларды талқыланады.
2024 жыл Қытайда Қазақстанның туризм жылы болып жарияланды. Биыл Шымкент гастрономиялық орталық ретінде танылды, сонымен қатар Жібек жолындағы жаңа тартымды орын болып отыр. Ал Түркістан туристік астана екені аян. Маусым айында Сиянь қаласында ұлттық тағамдардың көрмесін ұйымдастырылады деп күтілуде.