Шымкентте «Құпия пациент» емхана қызметкерлерінің біліктілігін анықтауда

32

 

«Құпия пациент» жұмысын Шымкент қалалық №2 аурухана емханасының тіркеу бөлімінен бастады. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ филиалының бас сарапшысы дене қызуының көтеріліп, қатты ауырсынуына шағымданады. Шұғыл көрсеткіш жағдайында науқас сақтандырылмаған болса да, кез-келген медициналық ұйымнан шұғыл көмек алуға құқылы. Шара барысында емхана қызметкерлерінің осы мәселеге қатысты біліктіліктеріне ерекше мән берілді.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Шымкент қалалық филиалының өкілі мұнан соң емхана басшылығымен бірге терапевт, гинеколог, социолог және тіс дәрігері бөлмелерін аралап, пациенттерге қызмет көрсету барысымен танысты. Дәрігерлерге МӘМС жүйесі туралы бірқатар сұрақтарды қойды. Медицина қызметкерлері қойылған сауалдарға нақты жауап беріп, біліктілік деңгейлерінің жоғары көрсеткішін дәлелдеді.

Шымкент қалалық №2 аурухана емханасын аралау барысында есепте тұрған науқастарға МӘМС есебінен тегін босатылатын дәрі-дәрмек қоры да таныстырылды. Емдеу мекемесі басшылығының айтуынша, дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Қазіргі таңда емханаға тіркелген жалпы халық саны 32 мыңнан астам. Былтырғы жылы емхананың күндізгі стационарында 450 –ден астам адам ем қабылдаған.