Үкімет басшысы: «Қаланың іргесі де көрікті болуы керек»

47
Жігерген ауылдық округіндегі ауылдарда жол реттелуде

Бүгін үкіметтің кезекті отырысында елдімекендерді көркейту мәселесі қаралды. Үкімет басшысы  әкімдіктер тек қала орталығымен шектеліп қана қоймай, қаланың шет жақтарына да көңіл  бөлу қажеттігін ескертті.

Премьердің айтуынша, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартумен қатар, туристік саланы дамытуға да ерекше серпін береді. «Десе де азаматтардан тротуарлар мен жарықтың жоқтығына, жасыл желектің аздығына жиі шағымдар түседі»,- деді Олжас  Бектенов. Сондықтан әкімдіктерге бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі: «Әкімдіктер қала орталығын ғана абаттандырумен шектелмей, шеткі аумақтарды да назардан тыс қалдырмауға тиіс. Кейбір скверлерге немесе қоғамдық орындарға «қамқорлық жасау» үшін бизнес пен ірі кәсіпорындарды тартуға болады. Шағын бизнес те іргелес жатқан аумақты күтіп-ұстауды жақсы дәстүрге айналдыруы керек».