Екі көлік өртке оранды

24
ТЖД жедел күсірілім кадры

Шымкентте орталық көшелердің бірінде екі көлік өртке оранды.

14 сәуір күні сағат 15:30 дар шамасында Еңбекші ауданындағы Ш.Уәлиханов көшесіндегі жол бойында жеңіл автокөлік толығымен жанып кетті. Жалын жанында тұрған «OPEL VECTRA» жеңіл автокөлігіне өтіп, оның артқы бөлігі жартылай жанған. Өрт сағат 15:48-де ауыздықталып, сағат 15:52-де толығымен сөндірілді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

«Өрт сағат 15:48-де оқшауланып, сағат 15:52-де толығымен сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД 2 дана техника, 9 жеке құрамы және апаттар медицина орталығынан 1 дана техника, 3 қызметкер жұмылдырылды. Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары көлікте өрт қауіпсіздігін сақтаңыздар», – дейді Шымкент қаласындағы 4 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Әлібек Қынашев.