Автокөлікті бөлшектеп сататын орындар тексерілуде

52
фото ТО ПД

Республика аумағында автокөлік құралдарын ұрлау және айдап әкетудің алдын алу мен көлікті бөлшектеп сату бойынша жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында, «Автокөлік» жедел – профилактикалық шарасы өткізілуде. Осыған орай Түркістан облысы Полиция департаменті Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қарқынды жұмыс атқаруда.

Яғни Арыс қаласы бойынша 2 бекет қойылып, 50 автокөлік тексерілді. 10 автокөлік жөндейтін және 3 автокөлікті бөлшектеп сататын орындар тексерілді.
▫️Өз кезегінде Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері адам көп шоғырланатын орындар мен көпқабатты үйлердің тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік шараларын ескертті.