Елімізге есірткі жеткізудің халықаралық арнасы жойылды

36
фото ҰҚК

ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаменті ағымдағы жылдың ақпанында пошта жөнелтілімдерін пайдалана отырып, алыс шетелден Қазақстанға есірткі жеткізудің халықаралық арнасын жойды.

Жалпы салмағы 500 грамнан асатын каннабис тобының есірткі қоймасымен жабдықталған сәлемдемені алуы кезінде «Қазпошта» АҚ бөлімшесінде жергілікті тұрғын ұсталды.
Ағымдағы жылдың сәуірінде Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстау бойынша операция жүзеге асырылды, одан 2,5 килограмнан астам «мефедрон» психотроптық заты тәркіленді, бұл 10 мыңға жуық бір реттік дозаны құрайды.Жедел шара барысында күдіктілердің физикалық жазаға тартылу қаупі арқылы аймақ тұрғынын есірткі сатуға мәжбүрлеу фактісі құжатталды.
Ұсталған адам облыста психотроптық заттардың таралуының кең желісін ұйымдастыруды көздеген. Аталған адамдар соттың санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.