Шымкентте “Кестелі кимешек” байқауы өтті. Форумға еліміздің бірнеше өңірінен 40 шебер қатысты. Олар кимешектің бірнеше түрін өздері тігіп келіп, оны шара барысында таныстырды. Жоба ұйымдастырушысы бұл ата-бабадан мұра болып жеткен ұлттық баскиімді дәріптеу мақсатында қолға алынғанын айтады.
“Біздің мақсатымыз — ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Бұл бірінші тур. Бірінші турда әділ-қазылар бақылау жүргізеді. Үздіктерін анықтайды. Сонсоң бағалы сыйлықтар да тапсырылады”, — дейді “Әжелер” кеңесінің төрайымы Клара Лаханқызы.
Жарысқа Түркістан облысы мен Шымкент қаласының қолөнер шеберлері офлайн негізде қатысса, басқа өңір мамандары онлайн түрде атсалысты. Ұйымдастырушылардың сөзінше, алдағы уақытта кимешекті ЮНЕСКО деңгейінде таныту жоспарда бар.