Шымкентте шала туған нәрестесін қорапқа салып қалдырып кеткен әйел ұсталды

74
Фото: twitter.com

Шымкентте шала туған нәрестесінің денесін қорапқа салып, аурухананың алдына қалдырып кеткен әйел ұсталды.

Оқиға 7 мамыр күні сағат 21:30 шамасында орын алды. Белгісіз әйел №2 Облыстық перинаталдық орталыққа (Дархан) келіп, шала туылған нәрестенің денесін қорапта қалдырып кеткен.

«Бұл факт бойынша қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізілуде», — деп хабарлайды Шымкент полиция департаменті.