(Фото: pixabay.com)
Түркістан облысында мектеп жасындағы қызын зорлап, жүкті етті деген күдікпен ер адам ұсталды. Полицияға оқушының анасы арызданған.
Prokadrykz Telegram-каналының жазуынша, 50 жастағы ер адам 7 сыныпта оқитын өз қызын 2023 жылдың шілдесі мен қыркүйек айлары аралығында зорлады деген күдікке ілінген. Оқушы жүкті болып қалған. Жүктілік мерзімі — 27 апта.
Түркістан облыстық Полиция департаменті күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғанын хабарлады. Қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалған. Барлық жағдай анықталуда. Ал кәмелетке толмаған қыз дағдарыс орталығына орналастырылған. Оған тиісті көмек көрсетілетін болады.
Тергеу барысы Түркістан облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында.