2024 жылғы мамырда Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі «Сырым» (Батыс Қазақстан облысы), «Сыпатай батыр» және «Қарасу» (Жамбыл облысы) автомобиль өткізу пункттерінде жалпы сомасы 200 млн теңгеден асатын декларацияланбаған 380 мыңнан астам қорап темекі тасымалдауын тоқтатты.
Темекі өнімдері көлік құралдарының арнайы жабдықталған жасырын орыннан табылды. Одан әрі қаралуы үшін алынған жүк аталған облыстардың экономикалық тергеу департаменттеріне берілді.