Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында И.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 283 — бабының 2- бөлігімен (акцизделетін өнімді акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларынсыз, сол сияқты белгіленбеген үлгідегі және сәйкестендіруге келмейтін таңбалармен сақтау, өткізу және тасымалдау түрінде жасалған, акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлардың айналымы) әкімшілік іс қаралды.
И. Шымкент қаласы, Алматы тас жолында орналасқан Жібек-жолы базарының сауда нүктесінде мемлекеттік кірістер басқармасынан тиісті рұқсат алмастан, 500 дана «ORIS» темекі өнімдерінің айналымын заңсыз шығарып, сату жұмыстарын жүзеге асырған.
Құқық бұзушының кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді. И. сотта өз кінәсін мойындап, өкінетінін соттан өзіне қатаң жаза тағайындамауын сұрады.
Құқық бұзушының кінәсі іс-құжаттарымен қоса, өзінің берген түсінігімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен және тағы да басқа іс бойынша жинақталған құжаттармен толық дәлелденіп, аталған мән-жайларға сүйене отырып, құқық бұзушының жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар оның кінәсін мойындағанын, өкінгенін, ал жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталмағанын ескеріп, сот И.-ды ӘҚБтК-нің 283-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 648 750 теңге мөлшерінде айыппұл жазасын тағайындады. Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.







