Білім бөлімінің есепшілері 3 млрд. теңгеге жуық қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді

62
фото Отырар.кз

Жетісай аудандық білім бөлімінің есепшілері 3 млрд. теңгеге жуық мемлекет қаражатын қолды қылды деген күдікке ілінді.

Қадағалаушы орган қызметкерлері білім ұяларына жүргізген мониторинг кезінде бірқатар олқылықтарды анықтаған. Айтулы фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу жүріп жатыр. Қазірше бюджетке 309 млн. теңге қайтарылған.

«Жетісай ауданының прокурорлары аудандық білім бөлімінің бухгалтерлерімен 2,8 млрд. теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.Осы факті бойынша құжаттар ҚР Қылмыстық кодекстің 189-бабымен тіркеліп, тергеу Түркістан облысы прокуратурасының арнайы прокурорларымен жүргізілуде», — дейді Түркістан облыстық прокуратурасының басқарма аға прокуроры Ерарыс Жолбарыс.