Úı ANONS Super bol жобасының үшінші маусымының финалдық матчы өтеді

Super bol жобасының үшінші маусымының финалдық матчы өтеді

фото ШқІСжЖБ

15 маусым күні Шымкент қаласының Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионында super bol жобасының үшінші маусымының финалдық матчы жоспарланған.

Шоу-матчта концерт ұйымдастырылады, онда қазақстандық эстрада жұлдызы, рэпер Калифорния, жастардың сүйіктілері — 2rar және ADIL сондай-ақ Qarakesek өнер көрсетеді.

Сағат 18.30-дан бастап көрермендер үшін фуд-корт, аниматорлар, бет бояулары, түрлі байқаулар мен іс-шаралар ұйымдастырылады.

Бұл достармен әрі жанұямен келіп уақыт өткізуге арналған таптырмас алаң. Барлығыңызды күтеміз